Франциядағы исламофобияның жалғасуы сынаулармен бетпе-бет келді
(last modified Sat, 31 Oct 2020 15:00:42 GMT )
Қаз 31, 2020 21:00 Asia/Almaty
  • Франциядағы исламофобияның жалғасуы сынаулармен бетпе-бет келді

Еуропадаға, әсіресе өткен апталардағы Charlie Hebdo журналының Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруы мен Эммануэль Макронның бұл әрекетті қолдауынан кейінгі Франциядағы исламофобияның күшеюі дүниежүзі мұсылмандарының ызасын көтеруімен бірге кейбір франциялық басшылар мен саясаткерлерінің реакциясына тап болды.

 

Бұл салада Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд: «Террористерді мұсылмандармен шатастыруға болмайды, террористер діни соғысты бастауды көздейді»,- деді.  Макрон мен Франция үкіметі Ислам мен мұсылмандарға, әсіресе Пайғамбарға (с.ғ.с.) қарсы тіл тигізулерін іс жүзінде тынышсыздықтарды арттырып, экстремистерді террористік әрекет жасауға итермелеген жағдайда жалғастыруда.

Британиядағы исламдық адам құқығы комиссиясының басшысы Масуд Шаджаре: «Франция Президенті Макрон әшкере Исламды нысанаға алып: «Ислам дағдарысқа тірелуде»,- деді. Шын мәнінде Франция  және оны қолдаған еуропалық саясаткерлердің саясаттары дағдарыспен бетпе-бет келуде. Сыбайластық Макронның бұрынғыдан да көп нәсілшілдік пен исламофобияға бет бұруға мәжбүр болуына әкелді. Ол    оңшыл  топтар мен жеке адамдардың дауысын жинап, қайта сайланғысы келеді»,- деді. Расында Франция басшылары   Батыс Азиядағы терроризмнің таралуына көмектесу арқылы қазіргі жағдайды құрғаны үшін жауапкершілікті мойнына алудың орнына бұл аймақта, Африканың жағалау аймағындағындай, экстремистерді күшейіп, мұсылмандарды шығару және кейбір мешіттерді жабумен айналысуда.  

Мысырдағы әз-Заһраның шейх Ахмад Тайеб әлемдік қауымдастықтан мұсылмандарға қарсы дұшпандылықты және олардың арасына жиіркеніш тудырып, аландатуды қылмыс деп санайтын және ұқсас әрекеттерді іске асырлағадарды жазалайтын заң шығаруды сұрады. Ол мұсылмандарды бейбіт тәсілдерге табанды болып, Ислам мен Алла елшісін қорғау үшін заңды жолдарды қолдануға шақырды. Исламофобияның күшеюі және Франция мен кейбір еуропалық басшыларының сөз бостандығын сылтауратып, мұсылмандарға қарсы тіл тигізуді қорғауларына қарамастан бұл әрекетті әлемдегі азат тұлғалар қабылдамады.   

 

  

 

Тегтер