АҚШ қоғамында сайлау қарсаңында тынышсыздық пен текетірестер күшейді
(last modified Mon, 02 Nov 2020 09:45:31 GMT )
Қар 02, 2020 15:45 Asia/Almaty

АҚШ-та президенттік сайлаудың қарсаңында елдің түрлі қалаларында наразылықтар мен тынышсыздықтар шарықтау шегіне жетті.

АҚШ-та өтетін 2020 жылғы сайлауға жақындаған сайын Трамп үкіметінің саясатына қарсы наразылықтар артты. Дүйсенбі күні таңертең федералдық күштер Солтүстік Королинада Трамптың нәсілшілдігі мен әділетсіздігіне наразыларға шабуыл жасап, оларды тарату үшін бұрыш қолданды.

Нью-Йорктың Манхеттен ауданында да мыңдаған тұрғын АҚШ Президентінің саясатына наразылық ретінде шеру өткізді.  

Пенсильвания штатының ең ірі қаласы Филадельфия да жексенбі күні АҚШ-та қалыптасқан нәсілшілдікке наразылық сахнасына айналды.  

Трамп Джорджия штатының Ром қаласында жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: «2020 жылдың 3 қарашасында өтетін сайлаудағы жеңісі 2016 жылғы жеңістен жоғары болмақ»,-деді.

Демократ үміткер Джо Байден Трамптың мерзімнен бұрын жеңіске жеткені туралы хабарға реакциясында: «АҚШ Президенті сайлауды ұрламай-ақ қойсын. Президенттік сайлау ертең өтеді»,-деді.