Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен саудасы 4,5 млрд долларға жетті
https://itolqyn.com/news/world-i48824-Иранның_Экономикалық_ынтымақтастық_ұйымына_мүше_елдермен_саудасы_4_5_млрд_долларға_жетті
Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ECO) мүше елдермен соңғы 6 айдағы саудасы 4,5 млрд долларға жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 02, 2020 17:27 Asia/Almaty
  • Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен саудасы 4,5 млрд долларға жетті

Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ECO) мүше елдермен соңғы 6 айдағы саудасы 4,5 млрд долларға жетті.

Иранның Кеден басқармасының ақпарат өкілі: «Иран 2020 жылдың 20 наурызы мен 20 қыркүйегі аралығында Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен құны 4 млрд 543 млн долларды құрайтын 9 млн 199 мыңнан аса тонна тауар алмасты»,-деді.

Иран, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ECO) мүше 10 ел.