Қар 03, 2020 18:53 Asia/Almaty
  • Иран Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптап: «Халықаралық қауымдастық лаңкестікпен түбегейлі түрде күресуге жұмыла кірісіп, әріптестік жасауы керек»,-деді.

Аустрияның астанасы Венада 3 қарулы адам 6 жерге шабуыл жасап, соның салдарынан 3 адам, олардың ішінде 2 ер адам мен 1 әйел қаза тауып, 15 кісі, олардың ішінде бір полиция офицері жарақат алды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Лаңкестік қандай формада болмасын айыпталады. Вена оқиғасы терроризм мен экстремизмнің шекара танымайтынын көрсетті»,-деді.  

 

Тегтер