АҚШ астанасында сайлау күні атыс болды
(last modified Tue, 03 Nov 2020 13:04:02 GMT )
Қар 03, 2020 19:04 Asia/Almaty

АҚШ полициясы сайлау күні Вашингтонда атыс болғанын хабарлады.

АҚШ-та президенттік сайлау өтіп жатқан шақта қоғамда алаңдаушылық пен үрей артты. Ақпарат құралдарының көбі түрлі қалаларда бүлік болу ықтималын болжауда. 

Жарияланған мәлімет бойынша,  АҚШ штаттарының басым бөлігі «дайын бол» жағдайына келтірілген. Штаттардың әкімшілігі Ұлттық гвардияны ықтималды бүлікке қарсы тұруға дайындады.

АҚШ-тағы ақпарат көздері елдің 16 штатында Ұлттық гвардияның 3600 сарбазы орналастырылғанын хабарлады.