АҚШ азаматтық соғысқа тіреледі ме?
(last modified Fri, 06 Nov 2020 13:02:41 GMT )
Қар 06, 2020 19:02 Asia/Almaty

2020 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлаудың нәтижелері туралы бұрын-соңды болмаған саяси даулармен бірге бұл елде саяси немесе тіпті әскери соғыс бастау мүкіндігі күшейе түсті.

 

 

АҚШ президентінің үлкен ұлы  Twitter-дегі парақшасында «АҚШ   болашағы үшін ең жақсы нәрсе Дональд Трамптың  ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан алаяқтық, бұрмалану, өлген және штатта жоқ адамдардың дауыстарына толы сайлаумен ауқымды соғыс жүргізуі болады»,- деп жазды.

Дональд Трамптың бұрынғы аға кеңесшісі Стив Бенн интернет-теледидар бағдарламасында: «Мен өткенге оралып, федерал үкіметтегі бюрократтарға ескерту жасау үшін Антони Фаучи мен ФБР директоры Кристофер Рейдің бастарын кесіп тастап,  Ақ үйдің екі бұрышына қояр едім»,- деді.  Бұл сөздер Трамп пен оның жақтастарының АҚШ-та «сыбайласқан ұйымдар» деп атаған нәрселерімен жаппай  соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. Дональд Трамп көптеген твиттерінде сайлаудың өту және дасуытарды санау әдісі туралы сотқа шағым түсіретінін қуаттауда. Ол баспасөз отырыстарының бірінде Федералдық Жоғарғы соттың       дауыстарды жарамсыз деп танып, президенттік сайлауда республикашыл үміткердің жеңісін растайтынына тоқталды. Алайда, саяси және медиа ортада, сондай-ақ американдықтар арасында да, сан рет «егер ақырында Жоғарғы сот Трампқа президенттік билігін жалғастыру үшін дауыс бермеген болса, оның қатты   жақтастарының реакциясы қандай болар еді?»  деген сұрақты көтерді.     Мәліметтер АҚШ-тың «ішкі қырғи-қабақ соғыстан» «азаматтық соғысқа» ауысып жатқанын көрсетеді. Ішкі қырғи қабақ соғысы Трамп Ақ үйге енбестен бұрын  2017 жылдың қаңтар айында америкалық консерваторлар мен либералдар саяси үдерісті шетке қойып, бір-бірін АҚШ-тың саяси сахнасынан кетіру үшін маңыданға қадам басқаннан басталды. Кейінірек трампизм ретінде белгілі болған бұл ағым 2016 жылғы сайлауда  АҚШ-ты билеген сыйбайлас ұйымның бәсекелесін шеттетті. Енді  сайлау заңнамасынан бастап ақпараттық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына дейінгі барлық биліктің құралдарын пайдаланып, 2020 жылғы сайлауда Трамп пен оның жақтастарын ығыстыру кезек оның бәсекелестеріне келді. Бұл саяси-идеологиялық есепке жету АҚШ-ты 1864 жылғы азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі ең ауыр саяси жағдайға душар етті. Өткен 150 жылда АҚШ қоғамы еш уақытта қазіргі мөлшердегі кек, жиіркеніш пен ызаны көрмеді.  Қазіргі уақытта тараптардың бірінің қателігі бұл елде соғыс отын тұтатуы мүмкін.  АҚШ-тағы қоғамдық-саяси өзгерістерді ескере отырып, ХІХ ғасырдың ортасындағы азаматтық соғыс  қайталанбағанымен,   бұл елде заманауи құралдар соғысы басталады деген  болжамдар айтылуда. Американдық саясаткерлер дұшпандықтарынан бас тартып, елдегі терең қоғамдық-саяси ақауларға көпір салмаса, бұл үдеріс өте қиын немесе тіпті мүмкін емес болып көрінеді.