Тәкфиршіл лаңкестер Қарабақта
(last modified Sun, 08 Nov 2020 12:02:12 GMT )
Қар 08, 2020 18:02 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл лаңкестер Қарабақта

Тәкфиршіл лаңкестердің даулы Қарабақ аймағында болуы аймақ елдері үшін бір үлкен түйткілге айналып барады.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қарабақ қайшылығында бірде-бір бөгде әскери күштің жоқтығын айтқанымен, Армения мен Ресей басшылары  осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Мысалы, Ресейдің Сыртқы істер министрі  Сергей Лавров Мәскеуде басылып шығатын «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында: «Батыс Азия аймағынан Қарабаққа келген лаңкестер мен шетелдік содырлардың саны 2 мыңнан асады»,-деп мәлімдеді.   

Тәкфиршіл лаңкестерді Сириядан Оңтүстік Кавказ аймағына тасымалдаудың Орта Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің шекара қауіпсіздігіне қатер төндіретіні анық.

Тәкфиршіл лаңкестерді Сириядан Орта Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарына тасымалдау мәселесі тың тақырып емес. Бұдан бұрын АҚШ үкіметі Ауғанстан шекараларынан Орта Азияға бірқатар лаңкестерді тасымалдауға күш салды. Шын мәнінде Тәкфиршіл лаңкестерді Сириядан Орта Азия мен Оңтүстік Кавказ аймақтарына тасымалдау АҚШ-тың Ресей мен Иранның шекараларына жақын маңда жүргізіп отырған экспансиялық саясатына сәйкес келеді. Израильдің нәсілшіл режимі де осы жағдайдан пайда көре алады. Осы орайда Собһан Мұһаққеқ: «Түркияның мыңдаған тәкфиршіл және басқа да лаңкестерді Сирия мен Ливиядан Таулы Қарабақ аймағына тасымалдағаны рас болса, жақын болашақта тағы да Мәскеу Анкараға қарсы шығатын болады. Бұл әрекет басқа елдерге қарағанда Ресейдің қауіпсіздігін көбірек қатерге ұшыратады»,-деп жазды.

Иран аталмыш жағдайдан хабардар болғандықтан Теһран ұсынған бітім жобасында бір тармақты осы тақырыпқа арнады.

Башар Асад Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды Қарабақтағы қайшылықтардың қайта басталуына жауапты деп атап: «Түркия Сирия мен басқа елдердегі лаңкестерді Әзірбайжан мен Арменияның Қарабақ қайшылығында пайдаланып жатыр»,-деді.

Жалпы Түркияның лаңкестерді Кавказ аймағына тасымалдауға талпыныстары АҚШ-тың үстемшіл саясаттарын орындау мақсатында күн тәртібіне қойылған сыңайлы.