Әзірбайжан Қарабақ аймағында тағы 23 ауылды қайтарып алды
https://itolqyn.com/news/world-i48898
Әзірбайжан армиясы тағы бір әскери амалда Таулы Қарабақ аймағындағы 23 ауылды қайтарып алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 09, 2020 18:26 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Қарабақ аймағында тағы 23 ауылды қайтарып алды

Әзірбайжан армиясы тағы бір әскери амалда Таулы Қарабақ аймағындағы 23 ауылды қайтарып алды.

Ильхам Әлиев дүйсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Әзірбайжан армиясы Армения әскерилерімен қақтығыста Физули қаласы маңындағы 6 ауыл, Худжали қаласы маңындағы 4 ауыл, Гуджванд қаласы маңындағы 5 ауыл, Джебраил қаласы маңындағы 3 ауыл, Губадали қаласы маңындағы 3 ауыл және Зәнгилан қаласы маңындағы 2 ауылды армян күштерінің бақылауынан азат етті»,-деп мәлімдеді.