Армения Президенті Қарабақ келісімінен хабарсыз болған
Қар 11, 2020 22:25 Asia/Almaty
Армения Президенті Қарабақтағы соғысты тоқтату келісімі туралы бұқаралық ақпарат құралдар арқылы хабардар болғанын мәлімдеді.
Армения Президенті Армен Саркисян елдің президенттік сайтында жариялаған мәлімдемесінде, өкінішке қарай онымен Қарабақ бейбітшілік келісімі туралы ешбір сұхбат жүргізілмегеніне тоқталып: «Қарабақ мәселесін шешу – ұлттық маңызды мәселе және Арменияның бүкіл халқы оның келешегі жөнінде шешім қабылдауы керек»,- деп қуаттады.
Тегтер