Ресейден Иранға әуе рейстері қайта ашылды
Қар 13, 2020 15:02 Asia/Almaty
Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы Теһран мен Мәскеу арасында тікелей рейстердің 18 қарашадан басталатынын хабарлады.
«Аэрофлот» әуе компаниясының алғашқы рейсі келесі сәрсенбі күні Теһрандағы Имам Хомейни (р.) атындағы халықаралық әуежайдан Мәскеудегі Шереметьево халықаралық әуежайына атқарылатын болады.
Теһран-Мәскеу рейсі аптасына екі рет (жексенбі және сәрсенбі) ресейлік Су ұшағымен атқарылатын болады.
Аэрофлот пен Mahan әуе компаниялары коронавирустың таралуына байланысты туындаған шектеулерді ескеріп, Иран мен Ресей арасында жолаушы тасымалдайды.
Mahan әуе компаниясының Теһран-Мәскеу-Теһран рейсі бейсенбі күндері атқарылады.
Тегтер