Мәскеу Байденді АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жетуімен құттықтаудан тартынып отыр
https://itolqyn.com/news/world-i48946-Мәскеу_Байденді_АҚШ_президенттік_сайлауында_жеңіске_жетуімен_құттықтаудан_тартынып_отыр
Ресей СІМ: «Мәскеу әзірге АҚШ президенттік сайлауына қатысқан үміткерлердің ешқайсысын құттықтауға ниетті емес»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 13, 2020 19:10 Asia/Almaty
  • Мәскеу Байденді АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жетуімен құттықтаудан тартынып отыр

Ресей СІМ: «Мәскеу әзірге АҚШ президенттік сайлауына қатысқан үміткерлердің ешқайсысын құттықтауға ниетті емес»,-деп қуаттады.

Сергей Лавров АҚШ президенттік сайлауының ресми нәтижесінің әлі күнге дейін жарияланбағанына тоқталып: «Сайлаудың жеңімпазы анықталмады. Мәскеу бірде-бір үміткерге құттықтау хатын жолдамады»,-деді.  

Лавров осыдан бұрынырақ АҚШ-та іріткі салу басым болып тұрғанын айтып: «Осы күнге дейін тек кейбір ақпарат құралдары дауыс санағының нәтижесін жариялады. Бұған қатысты нақты ресми ақпарат жарияланған жоқ»,-деді.