Ресей делегациясы Қарабақ мәселесін талқылау үшін Түркияға барды
Қар 13, 2020 19:30 Asia/Almaty
Ресей делегациясы Қарабақ мәселесін талқылау үшін Түркия астанасы Анкараға барды.
20 адамнан тұратын ресейлік делегация осы сапарда Түркияның СІМ мен Қорғаныс министрлігі басшыларымен Қарабақта атысты тоқтату бітімінен кейінгі белсенділіктер жайында келіссөз жүргізетін болады.
Бұдан бұрын Ресей Президентінің ақпарат өкілі Дмитрий Песков Түркия Президентінің кеңсесі таратқан Қарабақта атысты тоқтату бітімін бақылау орталығын ашу туралы мәлімдемесіне реакциясында: «Бұл мәлімдеме біздің бейбіт келісім туралы түсінігімізге сәйкес келмейді»,-деді.
Бұдан бұрын Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Ресей мен Түркияның бітімгер күштерінің Қарабақта белгіленген аудандарға орналасатынын мәлімдеген болатын.
Тегтер