Джо Байден федералдық ұйымдардың билікті тапсыру үдерісіне кедергі келтіріп отырғанына наразылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i49007-Джо_Байден_федералдық_ұйымдардың_билікті_тапсыру_үдерісіне_кедергі_келтіріп_отырғанына_наразылық_білдірді
АҚШ-тың қалаулы Президенті федералдық ұйымдардың билікті тапсыру үдерісіне кедергі келтіріп отырғанына наразылық білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 19, 2020 17:56 Asia/Almaty
  • Джо Байден федералдық ұйымдардың билікті тапсыру үдерісіне кедергі келтіріп отырғанына наразылық білдірді

АҚШ-тың қалаулы Президенті федералдық ұйымдардың билікті тапсыру үдерісіне кедергі келтіріп отырғанына наразылық білдірді.

АҚШ-тың қалаулы Президенті Джо Байден елде билікті тапсыру үдерісін бастаудың кешеуілдеуін сынап: «Егер тез арада елдің қаржылай және ақпараттық көздері менің командамның ықтиярына берілмесе, коронавируспен күрес бағдарламасы артта қалады»,-деді.   

Байден: «Әлеуметтік қызметтер кеңсесі билікті тапсыру және коронавируспен күрес жолында ең үлкен кедергіге айналды»,-деді.

Әлеуметтік қызметтер кеңсесі Дональд Трамптың ашық әрі қатты қарсылығына байланысты әлі күнге дейін халықтың қалаулы Президентімен әріптестік жасамады. Трамп 3 қарашада өткен сайлау нәтижесіне қарсылық білдіріп отырған шақта АҚШ-та коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны күрт көбейді.