Трамп үкіметі сионистік режимге бұрын-соңды болмаған қызмет атқарды
(last modified Fri, 20 Nov 2020 14:11:37 GMT )
Қар 20, 2020 20:11 Asia/Almaty
  • Трамп үкіметі сионистік режимге бұрын-соңды болмаған қызмет атқарды

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде сионистік режимнің мүддесіне бұрын-соңды болмаған шешімдер мен әрекеттерді іске асырды.

 

Дональд Трамптың президенттік сайлаудағы сәтсіздіктерін ескере отырып, қазіргі кезде оның  үкіметі Израильге қызмет ету және АҚШ-тағы сионистік лоббилердің қолдауына иелену үшін келесі қадамын жасады. Сәрсенбіден бері басып алынған Палестина жеріне сапар шеккен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні сионистік режим басшылары, әсіресе режим премьер-министрі Бениамин Нетаньяхуды риза ету үшін келесі әрекетін іске асырды. Помпео дипломатиялық әдеттен тыс әрекетінде АҚШ-тың алғашқы мемлекеттік хатшысы ретінде Сирияның басып алынған Голан жоталарына еніп: «Мен бұл жерге Голан жоталарының   Израильдің меншігі екенін тағы бір рет қуаттау үшін келдім. Президент Трамп Израильдің бұл аймақтағы егемендігін ресми мойындады»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы сондай-ақ  Иордан өзенінің батыс жағалауындағы  әл-Бире маңындағы Пасагут деп аталатын сионистік қалашықты заңсыз аралап: «АҚШ Иордан өзенінің батыс жағалауында өндірілген  өнімдер мен тауарларды «Израиль өнімдері» ретінде қабылдайды»,- деп жариялады. Билігіне екі ай ғана уақыт қалған Трамп үкіметі сионистік режимді қолдауға және оның заңсыз талаптарын жүзеге асыруға бар күшін салуға талпынуда деегн ой туады. Батыс Азия мәселелері сарапшысы Хасан Ханизаденің мәліметінше, Дональд Трамп өзінің жеңісіне сионистік лоббидің көмегі үшін қарыз, сондықтан Трамп Ақ үйге кірген кезде сионистік режимді нығайту үшін барлық мүмкіндіктерін қолдану туралы уәде берді. Негізінде Дональд Трамптың сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі   Израильді сөзсіз қолдауы болды. Ол АҚШ-тың бұрынғы президенттері қабылдаудан бас тартқан әрекеттерді іске асырды. Олардың ішінде ең маңыздысы Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми жариялауы,  Голлан жоталарының басып алынған Палестина жерлеріне қосылуын ресми мақұлдауы, сионистік режимнің мүддесін қамтамасыз ететін және керісінше палестиналықтардың заңды құқыларынан мақұрым ететін «ғасыр мәмілесі» деп аталған жобаны ұсынуы мен Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін басып алынған Палестина жерлеріне (Израильге) қосуға келісуін атап кетуге болады. Халықаралық қоғамдастық, оның ішінде Вашингтонның еуропалық серіктестері, Трамп үкіметінің әрекеттеріне, соның ішінде басып алынған Голан жоталары мен Иордан өзенінің Батыс жағалауының бір бөлігін басып алынған Палестинаға қосуға қарсы екенін ашық жариялады.