Трамптың жақтастары CNN кеңсесінің алдына жиналды
https://itolqyn.com/news/world-i49042
Дональд Трамптың жақтастары Джорджия штатының Атланта қаласында CNN телеарнасы кеңсесінің алдында жиналып, осы арнаның сайлау кезіндегі әрекеті мен штаттағы президенттік сайлаудың нәтижесін сынға алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 22, 2020 21:16 Asia/Almaty

Дональд Трамптың жақтастары Джорджия штатының Атланта қаласында CNN телеарнасы кеңсесінің алдында жиналып, осы арнаның сайлау кезіндегі әрекеті мен штаттағы президенттік сайлаудың нәтижесін сынға алды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Трамптың жүздеген жақтасы Атланта қаласындағы Джорджия штатының жергілікті конгресі алдында наразылық жиынын өткізді.  

Джорджия штатының Ішкі істер министрі екі күн бұрын: «Осы штаттағы сайлауда берілген дауыс санын қайта санау демократтардың үміткері Джо Байденнің жеңгенін көрсетті»,-деп хабарлады.