Марокко мен сионистік режимнің қарым-қатынасын қалыптандыру үшін Трамптың ұсынған мәмілесі
(last modified Fri, 11 Dec 2020 18:37:19 GMT )
Жел 12, 2020 00:37 Asia/Almaty
  • Марокко мен сионистік режимнің қарым-қатынасын қалыптандыру үшін Трамптың ұсынған мәмілесі

Дональд Трамп бейсенбі күні Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Марокко мен сионистік режимнің толыққанды дипломатиялық қатынас орнатуға келіскенін мәлімдеді.

Трамп Марокконың сионистік режиммен қатынасын қалыптандыруының есесіне бір мәлімдемеге қол қойып, Батыс Сахараның Мароккоға тиесілігін ресми түрде мойындағанын баса айтты.

Марокко мен Израиль

Марокко да жақын болашақта сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыратынын растады. Марокко королі АҚШ-тың Батыс Сахараның Мароккоға тиесілігін ресми  түрде мойындағанын жариялап, мұны бір тарихи оқиға деп атады. Марокко корольдігі Израильмен қатынасты қалыптандыру келісімі аясында АҚШ-тың жуырда Батыс Сахарада консулдық ашатынын мәлімдеді.

Марокконың Палестинаның арманына қиянат жасап, Израильмен қатынасын қалыптандыруға қадам басуы ислам әлемінде және тіпті Марокконың ішінде де теріс реакцияға ұшырады.

Марокконың Адам құқығын қорғау ұйымының басшысы Ахмад Вихаман сионистік режиммен қатынасты қалыптандырумен күресу үшін: «Марокко халқы Палестина халқының арманын өзінің ұлттық мәселесі, ал Израильмен қатынасты қалыптандыруды қиянат деп санайды»,-деді.  

АҚШ Дональд Трамптың билік құрған кезінде сионистік режимнің мүддесіне орай бұрын‑соңды болмаған ұстаным білдіріп, іс-шаралар атқарды. Солардың бірі – Трамп үкіметі Израильдің Вашингтонға одақтас араб елдері тарапынан ресми түрде танылуы үшін жасаған талпыныстары. Трамп осы мақсатқа жету және өзінің Тель-Авив пен АҚШ-тағы сионистік лоббиге бас иетінін көрсету үшін енді Марокконы Израильмен қатынасын қалыптандыруға көндіру жолында бұрын‑соңды болмаған қадам жасады. Бұл қадам – Батыс Сахараның Мароккоға тиесілігін ресми  түрде мойындау.

Батыс Сахара – Африканы солтүстік-батысында орналасқан аймақ. 1974 жылы Испанияның отаршылдығы аяқталғаннан кейін ұдайы бұл аймақ Марокконың шабуылдарына ұшырап отырды. Полисарио қозғалысы – Батыс Сахарадағы саяси-әскери ұйым. 1973 жылы бұл қозғалыс Батыс Сахараның тәуелсіздігін алу мақсатында Испанияның отаршылдығына қарсы топ ретінде құрылды. Полисарио 1974 жылы Испания күштері шығарылғаннан кейін осы аймақта Сахара араб демократиялық республикасын құрып, Испания үкіметінің Батыс Сахараны Марокко мен Мавритания арасында бөлуіне қарсылық білдірді. Мавритания мен Полисарио 1979 жылы бітімге келді. Осылайша Сахара республикасының «Уади уз-Захаб» атты батыс бөлігі осы республикаға қайтарылды. Алайда Марокко Батыс Сахарадағы «Әс-Сақия ул-Хамра» деп  аталын солтүстік аймақты түгел басып алып, өз аумағына қосты.  

Сол кезден бастап Полисарио қозғалысы Мароккомен текетіресіп келеді. Марокко Батыс Сахарада өзіне тиесілі автономды республика құрылып, жергілікті үкімет пен парламенттің болғанын қалайды. Бұл аймақта Мароккодан бөліну туралы емес,  автономия алу туралы референдум өткізілуі тиіс деп санайды. Алайда Полисарио қозғалысы бұл жобаға қарсылық білдіріп, Батыс Сахараның тағдырын анықтау үшін референдум өткізу қажеттігін айтып отыр.  

Қазіргі таңда Трамп тарапынан Батыс Сахара Марокко территориясының бір бөлігі ретінде танылғаннан кейін Марокко оны өзіне қосуға үлкен қадам жасадым деп есептеп отыр. Ал Полисарио Трамп әрекетінің заңсыз екенін баса айтуда.

Полисарионың Алжирдегі елшісі Абдулқадыр Талеб Омар: «Батыс Сахараны басқа бір елге сыйлайтындай Трампта бұл аймақта ешқандай иелік жоқ. Оның бұл әрекеті бүкіл халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы»,-деді.