Ресей АҚШ Қаржы министрлігіне кибер шабуыл жасады деген айыпқа реакция білдірді
Жел 14, 2020 21:07 Asia/Almaty
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ ақпарат құралдары таратқан «Ресей АҚШ Қаржы министрлігіне кибер шабуыл жасады» деген уәждерін теріс шығарды.
ТАСС ақпарат агентігінің хабарлауынша, Вашингтондағы Ресей елшілігі ақпарат кеңістігінде шабуыл жасаудың Мәскеудің сыртқы саясат негіздеріне қайшы келетінін айтып, АҚШ ақпарат құралдарының Ресейге тағы негізсіз айып тағып отырғанын мәлімдеді.
Reuters ақпарат агентігінің сенбі күні хабарлауынша, шетелдік үкіметтің қолдауына ие бір күрделі хакерлік топ АҚШ Қаржы министрлігі мен интернет және байланыс саясаты туралы шешім қабылдауға жауапты бір америкалық ұйымнан мағлұмат ұрлады.
Тегтер