Могерини: Зымырандық сынақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзбайды
(last modified Sat, 16 Apr 2016 14:06:29 GMT )
Сәу 16, 2016 20:06 Asia/Almaty
  • Могерини: Зымырандық сынақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзбайды

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі зымырандық сынақтың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзбайтынын қуаттады.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен бірлескен ақпарат отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының аймақта қауіпсіздік ынтымақтастықтары үшін түрлі жолдар ашып, қадамдар қалыптастыруына сенім білдіріп: «Иран мен еуропалық Одақ өз міндеттемелерін орындады. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы аймақтағы барлық халық үшін үлкен пайдаға айналып отыр» деп, сөзінің басқа бір бөлімінде: «Еуропалық банктер қалыптасып келе жатқан экономикалық жаңа серіктестіктің қарқындауы үшін Иранмен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр. Иран мен осы одақ арасындағы ынтымақтастық екі тараптың дамуына көмектеседі» деді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі сенбі күні таңертең Теһранға келді.