Қаң 04, 2021 03:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесіне күдік-күмән артты

АҚШ-тың келесі президентінің инаугурациясына 17 күн қалса да, 2020 жылы қараша айында өткен президенттік сайлау нәтижесіне күдіктер әлі де жалғасуда.

Ең жаңа өзгерісте кемінде 11 республикашыл сенатор 6 қаңтарда өтетін Конгресс жиналысында кейбір штаттардағы сайлаудың даулы нәтижесін қайта көтеруге ниеттеніп отырғанын мәлімдеді. Мұнымен бір мезгілде АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс пен Сенат төрағасы Дональд Трамптың жақтастары тарапынан қысым мен қоқан-лоққы көргеннен кейін ақырында президенттік сайлау нәтижесіне наразылардың қатарына қосылды. Кейбір куәлер көрсеткендей, сенаторлардың бұл тобы Өкілдер палатасындағы бірқатар республикашылдармен бірге сайлаудың дұрыстығын тексеретін комиссия құрып, 10 күннің ішінде халық дауысы мен электорлар алқасының дауыстарын қайта санауды көздеп отыр. Бұл жағдайда 2020 жылғы жанжалды сайлаудың ісі 2021 жылы 16 қаңтарға дейін, яғни келесі Президенттің инаугурация рәсімін өткізуге 4 күн қалғанға дейін жабылмайтын болады.

Әрине, ақырында Конгресс Джо Байденнің президенттік сайлауда жеңіске жеткенін растауда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Сонда АҚШ-тың келесі Президентін тағайындау Өкілдер палатасына жүктеледі. Сенат палатасына керісінше Өкілдер палатасындағы көпшілік орын демократтардың қолында.

Тіпті Өкілдер палатасында да президенттік сайлау нәтижесіне қатысты жанжал жалғасуы әбден мүмкін. Бұл палатаның өкілдері 20 қаңтарға дейін АҚШ-тың келесі президентін таңдай алмауы немесе таңдауды қаламауы мүмкін. Мұндай оқиға АҚШ тарихында бұрын‑соңды болмаған. Бұған қарамастан,  АҚШ заңы мұндай тығырықтан шығу жолын белгілеген. 4 жылдық президенттік кезең оның орынбасарының заңды кезеңімен бір мезгілде аяқталған жағдайда егер белгілі бір себептен президент немесе оның орынбасары өз міндетін орындай алмаса, Өкілдер палатасындағы Өкілдер палатасының төрағасы президенттің міндетін өз мойнына алады. Бұл лауазым қазір демократ өкіл Нэнси Пелосидің қолында.

Мұндай күрделілік АҚШ-тың саяси тұрақтылығына шынайы қатер төндіреді.

Республикашыл сенатор Митт Ромни кейбір сенаторлардың Конгресс жиналысында президенттік сайлау нәтижесін түйткілге ұшыратуды көздеп отырғанына реакциясында: «Электорлар алқасының дауысын ашық түрде теріске шығару тәсілі кейбіреулердің саяси мансапқұмарлығын нығайтуы мүмкін, бірақ бұл біздің демократиялық республикамызды қатерге ұшыратады»,-деді.

Тәуелсіз сенатор Берни Сандерс: «Өкілдер палатасының 140 өкілі, 13 сенатор мен бір жеңілген президенттің АҚШ-тың демократиясы мен конституциясын әлсіретуге талпынуы біздің еліміз үшін қайғылы әрі реніш тудыратын жағдай»,-деді.

АҚШ-тағы саяси партиялар мен ағымдар арасында кек пен жиреніштің тереңдігін ескерсек, бұл елдің келесі президенті кім болса да, қоғамды басқарып, бірнеше бөлікке бөлінген елдегі саяси-әлеуметтік алшақтықты жоюға жеткілікті заңдылыққа ие бола алмайтын сияқты.

Тегтер