АҚШ Конгресін басып алу барысында 4 адам қаза тауып, 52 адам ұсталды
(last modified Thu, 07 Jan 2021 09:07:06 GMT )
Қаң 07, 2021 15:07 Asia/Almaty

Вашингтон полиция басқармасының басшысы Роберт Дж. Конти сәрсенбі күні АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамп жақтастарының Джо Байденнің жеңіске жеткенін растатпау үшін Конгреске жасаған шабуылында 4 адам қаза тауып, 52 адам ұсталғанын хабарлады.

Reuters телеарнасы АҚШ Конгресінде атылған оқтан қаза тапқан бір әйелдің видеосын таратты.  Бұл әйелдің кім екені және қай тараптың оғына ұшырағаны әзірге белгісіз.