Обама: Конгрестегі қатігездіктер АҚШ тарихында сорақы оқиға болып қалады
(last modified Thu, 07 Jan 2021 10:39:31 GMT )
Қаң 07, 2021 16:39 Asia/Almaty
  • Обама: Конгрестегі қатігездіктер АҚШ тарихында сорақы оқиға болып қалады

АҚШ-тың бұрынғы Президенті қатқыл мәлімдеме жасап: «АҚШ-тың қазіргі Президентінің сайлау нәтижесі туралы негізсіз уәждерінен басталған кешегі Конгрестегі қатігездіктер тарихта ұятты әрі сорақы оқиға болып қалады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Барак Обама бейсенбі күні таңертең мәлімдеме жасап, республикашылдардың қарашада өткен президенттік сайлауға қатысқан Джо Байденге қарсы жарнамалық шабуылдарына тоқталып: «Олардың екі таңдауы бар: не осы жолды жалғастырып, қайшылық отын одан ары өршітеді, немесе ақиқатты қабылдап, соғыс отын сөндіру үшін алғашқы қадамдарды бастай алады»,-деп ескертті.   

Бұдан бұрын АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон Трамптың жақтастарын жауапқа тартылуы тиіс «ішкі лаңкес» деп атады.