АҚШ та саяси бейберекеттік өршіп тұр
(last modified Thu, 07 Jan 2021 14:09:57 GMT )
Қаң 07, 2021 20:09 Asia/Almaty
  • АҚШ та саяси бейберекеттік өршіп тұр

АҚШ тағы бүлік, бейберекеттік, талан тараж, атыс, өлім, терроризм, төңкеріс, төңкеріске қарсы қимыл – осының бәрі бір сөзбен айтқанда ұлттық абыройсыздық. Осы сөздердің әрқайсысы 2021 жылы 6 қаңтарда АҚШ Конгресінің ғимаратында болған адам нанғысыз оқиғалардың бір бөлігін құрайды.

Әрине бірнеше апта бұрын болжанғандай, АҚШ‑тағы президенттік сайлау түрлі бұралаң жолдан өтіп, соңғы аялдамада Конгресте электорлар алқасының дауысын санауда қиындыққа ұшырады. АҚШ Конгресінде маңызды жиналыс өтіп жақтан шақта шабуыл жасау ең нашар болжамда да күтілмеген жайт еді. Конгресс мүлкі талан‑таражға салынып, полиция қызметкерлерінің оқ пен көзден жас ағызатын газ атуы салдарынан 4 адам қаза тапқан оқиға осыдан біраз уақыт бұрын 2020 жылғы сайлау дауынан басталған дауылдың шарықтау шегіне жеткенінен хабар береді.

Дұшпандар, сыншылар мен тіпті Конгресс пен АҚШ‑тың басқа маңызды саяси‑әлеуметтік орталықтардағы Трамптың жақын достары 6 қаңтар оқиғасын «АҚШ демократиясына» шабуыл және төңкеріс деп атады.  Осы арада біреулер АҚШ Конституциясының №25 қосымшасын пайдаланып, Трампты отставкаға кетіру немесе Конгресс арқылы оған импичмент жариялап, соттауды талап етті.

Конгресте расталатын сайлау нәтижесін былай қойғанда АҚШ‑тың саяси жарасының шиқаны шықты, жуырда жазылуы екіталай. Бұл саяси даудың бір тарабы  заңбұзар әрі есерсоқ президентке сеніп,  көше бұзақыларының көмегімен АҚШ демократиясының ең негізгі тұғыры, яғни халық билігінің символы ретіндегі Конгреске шабуыл жасап, төңкеріс арқылы сайлау нәтижесін ұрлауды көздеді. Саяси даудың тағы бір тарабындағы жүздеген мың америкалық Трамптың сайлауда заңбұзушылық болды деген жарнамасына сеніп,  дауысымыз ұрланды және Вашингтондағы жемқор саясаткерлердің бір тобы халыққа қарсы шығып отыр деп санайды.

Осындай кек пен ызаға толы кеңістікте сырттай шағын көрінген кез келген оқиға оқ‑дәрі қоймасына тасталған ұшқындай АҚШ саясатын жарып жібере алады. Бұл елде халықтың қолында 300 млн‑нан аса қару бар және әсіре содырлар қоғамда еркін ойқастап жүреді.