Конгреске жасалған шабуыл – АҚШ-тағы ішкі терроризмнің жалғасуының белгісі
2021 жылдың 6 қаңтарындағы Дональд Трамптың жақтастарының оның тікелей қолдауымен конгреске жасалған шабуылы тағы АҚШ-тағы ішкі терроризмнің созылмалы және өсіп келе жатқан мәселе екенін көрсетті.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден 6 қаңтар оқиғасына реакция білдіріп, Трамптың қарулы жақтастарын «ішкі лаңкестер» деп атады және қауіпсіздік күштерін Трамптың жақтастарына тым жұмсақ шара қолданды деп айыптады. Байденнің соңғы сөздері өте маңызды саналады, оның негізінде «кеш мойындау» жатыр. Байденнің сөздері оның Трампты отандық террористердің көшбасшысы деп санайтынын және АҚШ-тың келесі президентінің көзқарасынша Дональд Трамптың өзі де террорист болып табылады. Негізінде АҚШ 2001 жылдан бері бүкіләлемдік терроризмге қарсы сылтаумен Батыс Азияда соғыс жүргізіп, Ауғанстан мен Иракта жүз мыңдаған адамды өлтірді. Дональд Трамп өзінің билігі кезінде терроризмге қатысты екіжүзді критерийлер шеңберінде ішкі террористерді елемей, азаттық қозғалыстарын террорист ретінде көрсетуге көп талпынды. Бұл ұстанымның айқын мысалы - оның Иранға қарсы ұстанымы. Ол бірнеше рет Иранды «әлемдегі терроризмнің ең жаман демеушісі» деп атады. 2020 жылы 3 қаңтарда Трамп Ирактағы АҚШ күштеріне қарсы төнген қатерді сылтауратып, сардар Солеймани мен оның айналасындағыларды дронның шабуылымен өлтіруге бұйрық берді. Бұл әрекет мемлекеттік терроризмнің айқын мысалы болып саналады. АҚШ-тағы ішкі терроризмнің тамыры ондаған жылдардан бастау алады, ал АҚШ-тағы наразылық топтары мен жеке адамдар бірнеше ірі террористік оқиғаларды тіркеп үлгерді.