Конгреске зор шығын келтірілді
(last modified Sun, 10 Jan 2021 13:00:33 GMT )
Қаң 10, 2021 19:00 Asia/Almaty

АҚШ Конгресіне жасалған шабуылда ғимаратқа зор зиян келтірілді.

Сынған есік-терезелер, ағаш пен шыны сынықтары, құртылған қабырғалар, сынған үстел-орындықтар мен кеңсе заттары – осының барлығы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әсіре жақтастарының сәрсенбі күні Вашингтонда Конгресс ғимаратына шабуылынан қалған белгілер. Бұл шабуылды АҚШ ақпарат құралдары «демократияға шабуыл» деп атады. Конгресс қызметкерлері шабуылдың ертеңінде ғимаратты жинап, сынған нәрселерді жөндеуге кірісті.