АҚШ-та саяси текетірес жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i49661
АҚШ Президенті жақтастарының Конгреске шабуылынан бірнеше күн өтсе де, елде саяси текетірес жалғасуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 10, 2021 19:42 Asia/Almaty

АҚШ Президенті жақтастарының Конгреске шабуылынан бірнеше күн өтсе де, елде саяси текетірес жалғасуда.

АҚШ Конгресінің бірқатар өкілдері Трампқа импичмент жариялап, қызметтен босату қажеттігін айтып, оны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер санап отыр.  

АҚШ Өкілдер палатасының Шағын бизнесті қолдау комитетінің төрағасы Нидия Веласкес: «Президенттің арандатуымен АҚШ елі лаңкестердің шабуылына ұшырады. Трампты қолдайтын барлық республикашылдардың қолдары  қанға былғанды»,-деді.

4 күн бұрын Трамптың ашулы жақтастары Конгреске басып кірді. Соның салдарынан кемінде 5 адам қаза тауып, ондаған адам жараланып, қамауға алынды.