Пелоси Пенске Трампты биліктен кетіруге 24 сағат мұрсат берді
(last modified Mon, 11 Jan 2021 10:28:19 GMT )
Қаң 11, 2021 16:28 Asia/Almaty
  • Пелоси Пенске Трампты биліктен кетіруге 24 сағат мұрсат берді

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрайымы осы ел Президентінің орынбасарына ел Конституциясының 25-қосымшасын қолдану арқылы Трампты биліктен кетіруге 24 сағат мұрсат берді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нэнси Пелоси жексенбі күні кешке Өкілдер палатасының демократ мүшелеріне жазған хатында осы мәселеге тоқталып, басқа жағдайда Трампқа импичмент жарияланатынын айтты.

АҚШ Конституциясының 25-қосымшасында Президент болмаған жағдайда ел басқару туралы айтылған.   

Осы қосымшаға сәйкес, АҚШ Президенті ел басқаруға қабілетсіз немесе қайтыс болған жағдайда Министрлер кабинетінің басым бөлігі оның орынбасарына дауыс беріп, президент ете алады.