Қаң 11, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Иран мен Кубаның коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы клиникалық сынағы сәтті өтті

Иран Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Иран мен Кубаның коронавирусқа қарсы вакцинасының алғашқы клиникалық сынағының сәтті өткенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Әлиреза Вахабзаде жексенбі күні бір әлеуметтік желіде: «Иранның Пастур институты мен Кубаның коронавирусқа қарсы ортақ вакцинасы клиникалық  сынақтың алғашқы кезеңінен сәтті өтті. Екінші кезең Кубада жүзеге асып жатыр. Жуырда қорытынды кезеңге аяқ басады» ,-деп жазды.

Вахабзаде: «Пастур институтының талпынысымен Иран мен Кубаның ортақ вакцинасы бұрынғы әріптестіктің жалғасында Иранда өндірілетін болады»,-деді.

Тегтер