Қырғызстанның жаңа Президенті Жапаров сайлаудан кейін алғаш рет сөз сөйледі
Қырғызстанның жаңа Президенті барлық топтардан елдің тұрақтылығын сақтау үшін сайлау нәтижесін қабылдауды сұрады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Қырғызстанның ұлтшыл саясаткері Садыр Жапаров жексенбі күні осы елдегі президенттік сайлауда 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол өзінің алғашқы сөзінде: «Ресей – Қырғызстанның стратегиялық серіктесі»,-деді.
Жапаров дағдарысқа толы қиын-қыстау кезеңде билікті қолға алғанын айтып: «Дағдарыстарды шешу үшін уақыт керек»,-деді.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы: «Дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы конституцияға өзгеріс енгізіп, парламенттің өкілеттігін азайтып, президенттің өкілеттігін арттыруды қолдады»,-деп мәлімдеді.