Қараша келісімінен кейінгі Баку мен Ереванның басшыларының бірінші саммитінің келісімдері
(last modified Wed, 13 Jan 2021 15:23:06 GMT )
Қаң 13, 2021 21:23 Asia/Almaty
  • Қараша келісімінен кейінгі Баку мен Ереванның басшыларының бірінші саммитінің келісімдері

Баку мен Еревандағы шиеленістің ушығуынан кейін Ресей президенті екі көрші ел арасындағы шиеленісті тоқтату үшін күн тәртібіне жаңа жоспар қойды.

 

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян  және Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен өткен үшжақты кездесудің соңында   Армения мен Әзірбайжан арасындағы дауларды шешу үшін арнайы жұмыс тобының құрылуын мәлімдеді. Мәскеу отырысында Арменияның 10 қарашадағы келісімнің орындалуына наразы екендігі туралы мәселе көтерілді. Армения Премьер-министрі босқындар мен тұтқындар мәселесінде өз еліне қысым жасалды деген мәселені де көтерді. Өңірдегі көлік бағыттарын қалпына келтіру үдерісін талқылау үшін жұмыс тобына Әзірбайжан, Армения және Ресейдің жоғары лауазымды тұлғалары қатысады. Жұмыс тобына Әзірбайжан, Армения және Ресейдің жоғары лауазымды тұлғалары қатысып,  өңірдегі көлік бағыттарын қалпына келтіру үдерісін талқылауды көздеуде. Сондай-ақ, топ көлік және теміржол коммуникацияларын бұғаттаудан босату, экономикалық қатынастар, шекараларды ашу мәселелерін шешеді. Ресей мен Әзірбайжан ұсынған жоба Арменияның аймақтағы экономикалық жобарға қатысуына жол ашуымен қатар, осы елдің қолайсыз экономикалық және қаржылық жағдайына көмектесу мүмкін. Әрине Әзірбайжан мен Армения экономикалық және энергетикалық мәселелерде ынтымақтастық ететін болса, Армения азаматтарының әлемнің басқа елдеріне эмиграциясының  азаятыны анық. Мәскеу саммиті  және Баку мен Ереван басшыларының жақында жасаған келісімінің жалпы қорытындысында Арменияның Әзірбайжанның маңызды экономикалық және энергетикалық жобаларына қатысуы елді қазіргі тығырықтан және дағдарыстан құтқарады деп айтуға болады.  Басқа жағынан бұл тақырып екі жақтың соғыс емес, бейбітшілік туралы ойлауы үшін жақсы сылтау болатыны анық.