Норвегияда американдық вакцинаның салдарынан бірнеше адам қайтыс болды
(last modified Fri, 15 Jan 2021 14:04:18 GMT )
Қаң 15, 2021 20:04 Asia/Almaty
  • Норвегияда американдық вакцинаның салдарынан бірнеше адам қайтыс болды

Норвегиялық фармацевтикалық агенттік коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы егілгеннен кейін 13 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

 

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Норвегия фармацевтикалық агенттігінің директоры NRK ұлттық желісіне берген сұхбатында: «13 адамның вакцинаның жанама әсерлерінен қайтыс болғаны туралы туралы хабарланды»,- деді. Норвегия фармацевтикалық агенттігі жалпы коронавирусқа қарсы вакцинадан  23 адамның көз жұмғанын хабарлады. Израиль бұқаралық ақпарат құралдары Covid 19 вакцинасының алғашқы дозасын алғаннан кейін 13 сионистің беті сал болып қалғанын мәлімдеді. Тель-Авив режимі АҚШ-тан импортталған коронавирусқа қарсы вакцина туралы үгіт-насихат жұмыстарын көп жүргізді және тіпті жан басына шаққанда вакцинаның рекордтық мөлшерде енгізгенін мәлімдеді.