АҚШ Ұлттық гвардиясы Байденнің инаугурациясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Джо Байденнің инаугурациясына төрт күн бұрын АҚШ Ұлттық гвардиясының қолбасшысы өз мәлімдемесінде Вашингтонда орналасқан әскери күштерге Конгреске қайта шабуыл жасалатын болса, қару қолдануға рұқсат етілгенін жариялады.
Пентагон Вашингтонды Байденнің инаугурациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық гвардия саның 25 мыңға дейін көбейтіп, әскери казармаға айналдырды. АҚШ үкіметінің құпия қызметі инаугурацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Вашингтонды қызыл және жасыл аймақтарға бөлді. CNN арнасының тәжірибелі жүргізушісі Вольф Блицер Вашингтондағы американдық сарбаздардың суреттерін таратып: «Бұл суреттер маған Бағдадта, Мосулда және Фаллуджада көрген соғыс аймақтарын еске түсіреді», - деп жазды. Сондай-ақ Fox News арнасы: «Трамп 2016 жылы АҚШ-тағы сайлау кезінде Обама үкіметінің Трамптың сайлау штабына тыңшылық жасағаны туралы құпия құжаттарды жариялауға бұйрық берді. Палата спикері Нэнси Пелоси де Трамптың импичментінің осы аптада Сенатқа жіберілетінін мәлімдеді»,- деп жазды.