Пәкістан АҚШ-тың Иранға қарсы айыптарын сынады
(last modified Sun, 17 Jan 2021 18:18:29 GMT )
Қаң 18, 2021 00:18 Asia/Almaty
  • Пәкістан АҚШ-тың Иранға қарсы айыптарын сынады

Пәкістан Премьер-министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысын Иранға қарсы жалған айыптар жобалағаны үшін айыптады.

Имран Хан Ақ үйдің Иранға қарсы айыптауларына реакциясында: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның ИИР-ға айып тағып, бұл елді әл-Каида лаңкестік тобына қатысы бар деуі ақылға сыйымсыз. Әлем халқы мұндай уәждерді қабылдамайды»,-деді.

Пәкістан Премьер-министрі: «Майк Помпео Израиль режимінің ризалығын алу үшін қатерлі әрекет жасауда»,-деді.

Пәкістан Премьер-министрінің АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранды әл-Каида лаңкестік тобымен әріптестік жасайды деп айыптағанына реакция білдіруі әлемдік қауымдастық пен көптеген елдердің Иранның аймақтағы лаңкестік топтармен күресте маңызды рөл ойнайтынын жақсы білетінін көрсетеді.

Шамамен он жылдан бері әл-Каида мен ДАИШ сияқты лаңкестік топтар аймақта, соның ішінде Ирак пен Сирияда дөрекі  әрі қанқұйлы әрекеттер атқаруды күн тәртібіне қойды. Ал Иран экстремизммен тура және жанама түрде күресу жолында көш бастап тұр.

Иран көршілес елдермен шекара бойында экстремистік топтарды жер жастандыру арқылы лаңкестікпен тікелей күресумен қоса, аймақтық елдерге, соның ішінде Ирак пен Сирияға әскери кеңесші ретінде көмек беріп, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін экстремизммен жанама түрде күресуде өте ықпалды рөл атқарды.

ДАИШ-тың Сирия мен Ирактағы әрекеттерінің әсерсіз болуы осы елдің армиялары мен халықтық күштерінің терроризмді ауыздықтау үшін жасаған талпыныстарымен бірге Иранның толықтырушы рөлінің арқасында орын алды. Соның салдарынан  АҚШ-тың жалған жарнамасы мен «Иран әл-Каидамен әріптестік жасайды» деген жалған айыптар жобалауына қарамастан, аймақ пен әлемдегі қоғамдық пікір Иранның лаңкестікпен күресте әсерлі рөл ойнағанын мақтады.

АҚШ армиясының өткен жылы Бағдад әуежайы маңында Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге террор жасауы – АҚШ-ты лаңкес үкімет басқаратынының ең айқын мысалы. Солеймани Ирак үкіметінің ресми шақыруымен осы елге барған болатын. Ал АҚШ үкіметі осы террорды жобалауға және орындауға араласқанын ресми түрде мойындады.