Вашингтон шабуылдан сескенуде
Қаң 18, 2021 15:36 Asia/Almaty
Вашингтон әкімшлігі Конгрестің ауласы мен айналасы және Байденнің инаугурациясы өтетін жерден басқа аудандарда шабуыл болу ықтималын ескертті.
АҚШ-тың жаңа Президенті Джо Байденнің инаугурация рәсіміне екі күн қалғанда осы елдің астанасы Вашингтонға Ұлттық гвардияның 25 мың сарбазы орналастырылып, шынайы бір әскери базаға айналды.
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының барлау комитетінің басшысы Адам Шифф елдегі қауіп-қатер деңгейін жоғары деп атап: «Бұл жағдай Бағдатқа сапар және ондағы жасыл аймақты еске түсіреді. Сонда көптеген әскерилер мен тосқауылдарды көрген едім»,-деді.
Тегтер