Имран Хан Пәкістан мен Иранның шекара базарларын құрылысын жылдамдатуды бұйрыды
Пәкістан Премьер-министрі елінің Иранмен шекара жеріндегі базарлардың құрылысын жеделдетуге және осыған байланысты кешенді шешім әзірлеуге шақырды.
«Имран Хан» Пәкістанның Иранмен шекара саудаларын басқару іс-әрекеттері мен екі ел арасында шекара базарларын құру сияқты инфрақұрылымды дамыту жоспарын қарастыру жөніндегі арнайы отырыста: «Белучистан провинциясы тұрғындарының өмірін жақсарту, әсіресе шекара маңындағы тұрғындарды қорғау үшін шекара аймағындағы базарлардың құрылысы ерекше маңызға ие»,- деді. Бұл отырыс Иран мен Пәкістан арасындағы екінші ресми шекара ашылғаннан бір ай өтпей өтті. Иранның Жолдар және қала құрылысы министрі Мұхаммад Ислами, Пәкістанның қорғаныс министрі Зубайда Джалал ханым және Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің орынбасаралары мен басқа да ресми тұлғалары, Өнеркәсіп және кен министрлерінің орынбасарларының қатысуымен Иранның «Римдан» мен Пәкістанның «Габд» шекарасы ресми түрде ашылды.
Имран Хан билік басындағы Техрик-и-Инсаф партиясының саясатына сәйкес Иран мен Пәкістан арасындағы шекара нарықтарын құру процесін жеделдету қажеттігін қуаттауы екі ел арасындағы соның ішінде ортақ шекаралардағы сауданы кеңейтуді білдіреді. Пәкістан Белучистан провинциясы арқылы Иранмен шекараласады. Сондықтан осы провинцияда қажетті инфрақұрылым құру арқылы Иранмен жер және шекара сауда қатынастарын дамытуға талпынуда.
Белучистан – Пәкістанның ең ірі провинциясы болғанына қарамастан, Пәкістандағы ең кедей аймағы болып табылады. Белучистан мен Пәкістанның басқа аймақтары арасындағы даму көрсеткіштеріндегі соның ішінде жұмыспен қамту және өмір сүру саласындағы үлкен алшақтық, соңғы жылдары Белучистанда заңсыз жолдармен ақша табудың едәуір өсуіне әкелді. Тауарлар мен есірткі контрабандасы және мафиялық топтардың құрылуы экономикалық тұрғыдан Пәкістанның Белучистанындағы кедейліктің салдары болып табылады. Саяси және қауіпсіздік саласында Белучистанда сепаратистік топтардың құрылуы Пәкістан үкіметінің басты дағдарыстарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары, Исламабад шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, қарсылас елдердің, соның ішінде Үндістанның тыңшылық агенттіктері бұл топтарды Пәкістанның орталық үкіметін әлсіретуді көздеді. Пәкістанның Белучистан провинциясындағы әртүрлі салалардың дамымауы саяси, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік жағымсыз салдарларға себеп болды.
Белучистан халқының экономикалық және тұрмыстық жағдайын жақсарту тәсілдерінің бірі - Иранмен шекара маңындағы базарларды дамыту. Сондай-ақ бұл шекараның екі жағында сауда айналымын арттыру арқылы жұмыспен қамтуға көмектесе алады. Иран мен Пәкістанның ортақ шекаралары қауіпсіздік тұрғысынан тұрақсыз болғандықтан, шекара саудаларының дамуы, соның ішінде екі ел арасындағы базарлар мен шекара өткелдерінің кеңеюі де ортақ шекаралардағы қауіпсіздікті сақтауда тиімді болуы мүмкін.