Зариф: Трамп тарих қоқысына тасталды
Иран Сыртқы істер министрі бір жазбасында Дональд Трамптың президенттік кезеңінің аяқталғанына тоқталып: «АҚШ Президенті мен оның орынбасары тарих қоқысына тасталды»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында Трамп пен Майк Помпеоның Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге террор жасағанына тоқталып: «Трамп, Помпео мен олардың әріптестері жаман атты болып тарих қоқысына тасталды. Ал Солейманидің аты жарқырай көрінуде»,-деді.
Зариф: «Трамптың мемлекеттік және экономикалық терроризмі мен адамзатқа қарсы қылмыстары салдарынан сардар Солеймани сияқты қаза тапқан, зардап шеккен, азық-түлік пен дәрі-дәрмектен мақрұм қалған мыңдаған адам халық жадында мәңгі сақталады. Вашингтондағы жаңа үкімет бұдан ғибрат алуы тиіс»,-деп жазды.