Орта Азия елдеріндегі экономикалық жемқорлық рейтингі жарияланды
Халықаралық ашықтық ұйымы 2020 жылы түрлі елдердегі, соның ішінде Орта Азия елдеріндегі экономикалық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық рейтингін жариялады.
Бұл рейтингте 100-ден 0-ге дейін ұпай беріледі. 0-ді жемқорлығы жоғары елдер, 100-ді жемқорлығы азырақ елдер алады.
Осы мәлімет бойынша, Өзбекстан 2019 жылмен салыстырғанда 7 саты төмен түсіп, әлемнің 180 елінің ішінде 146-шы орынға ие болды. Бангладеш пен Солтүстік Африка да Өзбекстанмен бір сатыда.
19 елден тұратын Шығыс Еуропа мен Орта Азия аймағы 100-ден 36 ұпай алды.
Грузия 56-шы, Армения 49-шы, Беларусь 47-ші орынға табан тіреп, көш бастап тұр.
Осы арада Өзбекстан 26, Тәжікстан 25 және Түркіменстан 19 ұпай алып, әкімшілік-экономикалық жемқорлық жөнінен аймақта ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Қазақстан мен Қырғызстан тәртіп бойынша 38 және 31 ұпай алды.