Женевада Сирияның конституциясын дайындау комитетінің отырысы өтті
(last modified Fri, 29 Jan 2021 12:35:23 GMT )
Қаң 29, 2021 18:35 Asia/Almaty
  • Женевада Сирияның конституциясын дайындау комитетінің отырысы өтті

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы «Астана үдерісін» кепілдендіретін елдердің қорытынды отырысының мәлімдемесі шығарылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде осы туралы: «25-29 қаңтар аралығында Женевада өткен Сирияның конституциясын дайындау комитетінің бесінші отырысының аясында үш ел – Иран, Ресей мен Түркия  сириялық делегациялар және БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсенмен кеңестен кейін мәлімдеме қалыбында қорытынды жасады»,-деді.

Хатибзаде осы мәлімдеменің баптары туралы: «Бұл үш ел Сирияның конституциясын дайындау комитеті аясында жүргізілген кеңестерді қолдап,  БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің «Астана үдерісі» (15-ші халықаралық отырыс) аясында Сирияға қатысты халықаралық жиналыстарда кеңестерді жалғастыратынына келісті»,-деді.

Тегтер