Женевада Сирияның конституциясын дайындау комитетінің отырысы өтті
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы «Астана үдерісін» кепілдендіретін елдердің қорытынды отырысының мәлімдемесі шығарылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде осы туралы: «25-29 қаңтар аралығында Женевада өткен Сирияның конституциясын дайындау комитетінің бесінші отырысының аясында үш ел – Иран, Ресей мен Түркия сириялық делегациялар және БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсенмен кеңестен кейін мәлімдеме қалыбында қорытынды жасады»,-деді.
Хатибзаде осы мәлімдеменің баптары туралы: «Бұл үш ел Сирияның конституциясын дайындау комитеті аясында жүргізілген кеңестерді қолдап, БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің «Астана үдерісі» (15-ші халықаралық отырыс) аясында Сирияға қатысты халықаралық жиналыстарда кеңестерді жалғастыратынына келісті»,-деді.