Роберт Малли АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі болып сайланды
АҚШ-та билік басына Байден үкіметінің келуімен және оның Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымдарымен бұл салада өзгеріс болады деп күтілді.
Роберт Маллидің АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі болып сайлануымен кейбіреулер өзгерістер туралы уәждене бастады. АҚШ Мемлекеттік департаменті Роберт Маллидің Вашингтонның Иран бойынша арнайы өкілі болып сайлануы жөніндегі мәлімдемесінде, оның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шектеулерді қайтара алатынан үміт білдірілді. Осылайша, Роберт Малли мен оның командасына Иранның ядролық әлеуетіне қатысты бұрынғы шектеулерді қалпына келтіру міндеттелгені анық. Соңғы күндері Роберт Маллидің Вашингтонның Иран жөніндегі арнайы өкілі ретінде таныстырылуы туралы болжамдар АҚШ-тың саяси кеңістігінле үлкен дүрбелең тудырды. Бір жағынан, Иранның ядролық мәселесін шешу дипломатияның жақтаушылары Роберт Маллидің сайлануын ақылды қадам деп санаса, басқа жағынан американдық экстремистер бұл шешімге теріс реакция білдірді.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының шынайы қарсыласы Арканзас штатының республиканшыл сенаторы Том Коттон 22 қаңтарда Twitter-дегі парақшасында Роберт Маллиді бұрыннан бері Израильдің дұшпаны болған адам ретінде сипаттап, оның бұл міндетке сайлану ықтималын алаңдататын жәйт деп тапты. Басқа сыншылар Роберт Маллиді Обама үкіметінде болған кезде де, Халықаралық дағдарыс институтына барған кезде Иранға жеңілдіктер беру ұстанымға ие адам болғаны туралы уәжденді. Осы кезде олар Малли Иранға қатысты ұқсас ұстаным білдіреді деп алаңдауда. Керісінше, АҚШ-тың тәуелсіз сенаторы, әрдайым Трамп үкіметінің Иранға қатысты сыртқы саясатын қатты сынаған Берни Сандерс сияқты саясаткерлер Роберт Маллидің Иранның арнайы өкілі болып сайланғанын жоғары бағалады. Сандерс Twitter-де: «Роберт Малли - жоғары білімді және тәжірибелі сарапшы, ол АҚШ ұлттық қауіпсіздігін соғыс арқылы емес, дипломатия арқылы арттыра алады. Ол Иран жөніндегі арнайы өкілі болуға жақсы үміткер»,- деп жазды. Алайда назардан тыс қалған нәрсе - Роберт Малли АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі ретінде тек АҚШ-тың негізгі сыртқы саясаты туралы шешім қабылдаушылардың және оған тапсырылған саясатты үйлестіру мен жүзеге асыруға ғана жауапты екені. Халықаралық дағдарыс тобының Иран бөлімінің жетекшісі Али Ваездің айтуынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы қаржылық көзқарастар Джо Байден, Джейк Салливан немесе Энтони Блинкеннің көзқарасынан өзгеше емес». Маңыздысы, уақыт өте келе Байден үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларының Иранға деген көзқарастары одан сайын дұшпандылау болып, Трамп кезіндегі Теһранға қарсы айыптар қайталануда. Бұл АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты макро көзқарасының көп өзгермегендігін көрсетеді.