Қалибаф: Иран мен Ресейдің ортақтықтары көп
https://itolqyn.com/news/world-i50280
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Ресей қарым-қатынасының серіктес деңгейінде мықты әрі баянды болуы керектігін айтып: «Теһран мен Мәскеу екіжақты, аймақтық және халықаралық салаларда ортақтықтары көп»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 08, 2021 20:00 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран мен Ресейдің ортақтықтары көп

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Ресей қарым-қатынасының серіктес деңгейінде мықты әрі баянды болуы керектігін айтып: «Теһран мен Мәскеу екіжақты, аймақтық және халықаралық салаларда ортақтықтары көп»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф өзінің алғашқы сапарында ИИР-ның Мәскеудегі елшілігінде ирандық ұйымдардың басшыларымен кездесуінде Ислам революциясы жетекшісінің Иран мен Ресей арасында терең қарым-қатынасты дамыту және екіжақты әріптестік салаларын кеңейту қажеттігін айтқанына тоқталып: «Ресейге сапардың басты мақсаты – ресейліктерді әлемдегі өзгерістерге қарамастан Теһран-Мәскеу қатынасының өзгермейтініне сендіру»,-деді.

Қалибаф: «Бүгінде бір экономикалық соғыс жүріп жатыр. Кез келген сатыдағы әрбір ирандық жауапты басшының міндеті – халықтың қиындықтарын жоюға талпыну»,-деді.