Ертең Иран мен Ресей ортақ теңіз жаттығуын өткізеді
https://itolqyn.com/news/world-i50458
Ертең, сейсенбі күні Үнді мұхитының солтүстігінде Иран мен Ресей «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021» атты ортақ әскери жаттығу өткізеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2021 21:17 Asia/Almaty
  • Ертең Иран мен Ресей ортақ теңіз жаттығуын өткізеді

Ертең, сейсенбі күні Үнді мұхитының солтүстігінде Иран мен Ресей «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021» атты ортақ әскери жаттығу өткізеді.

Бұл жаттығуға Иран мен Ресей теңіз күштерінің кемелері мен тікұшақтары қатысады.

Жаттығуға Иран армиясы мен Сақшылар корпусының кемелері мен тікұшақтарымен қоса, Ресей флоты, соның ішінде «Стойкий» эсминеці мен «Кола» логистикалық кемесі және бір тікұшақ қатысатын болады.  

Иран мен Ресейдің «Теңіз қауіпсіздігі белбеуі-2021» атты ортақ әскери жаттығуының мақсаты – аймақтың қауіпсіздігін нығайту және екі елдің ынтымақтастығын кеңейту.

Әскери жаттығудың басқа мақсаттары – халықаралық сулардағы сауда қауіпсіздігін нығайту, теңіз қарақшыларымен күресу, көмек және құтқару саласында ақпарат алмасу, әскери оперативтік және тактикалық тәжірибелермен алмасу.