Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбаттасты
Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбаттарында Түркия мен Ресей арасындағы текетірес мәселесін талқылады.
MODERATOR сайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Ресей мен Түркия арасындағы текетіресті алаңдатарлық мәселе деп атап: "Түркия мен Ресей - Қазақстанның екі маңызды одақтасы. Біз екі елмен де өте мықты қарым-қатынасқа иеміз. Біздің ойымызша, екі ел арасындағы текетірес келіссөздер және өзара түсіністік арқылы шешіледі" деді.
Айта кетер жайт, өткен жылдың 24 қараша күні Түркияның қырғи ұшақтары Сирия жерінде Ресейдің Су-24 ұшағын нысанаға алып, атып түсірген болатын.
Анкараның айтуы бойынша, ресейлік қырғи ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзған.
Мәскеу бұл уәжді теріске шығарып, қырғи ұшақтың Түркия үшін ешқандай қауіп-қатер төндірмегенін айтып отыр.