Иракта НАТО күштері санының артуы – АҚШ-тың орының толытыру талпыныс
(last modified Sat, 20 Feb 2021 17:04:57 GMT )
Ақп 20, 2021 23:04 Asia/Almaty
  • Иракта НАТО күштері санының артуы – АҚШ-тың орының толытыру талпыныс

Батыс күштерінің Иракта орналасуы 2003 жылы АҚШ бұл елді басып алғаннан бері басталып, осы кезге дейін жалғасуда. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ирактағы АҚШ әскерінің санын 2500-ге дейін қысқарту ұстанымын білдірсе, енді НАТО елдегі өз күштерінің саның арттыруды көздеуде.

 

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг 18 ақпан, бейсенбі күні НАТО-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері отырысының соңында: «НАТО мүшелерінің сәрсенбі мен бейсенбі күнгі  келіссөздерінен кейін Ирактағы коалиция күштерінің саны 500-ден 4000-ға дейін артады.  Қазіргі уақытта НАТО-ның күштерінің Ирактағы саны шектеулі, бірақ енді бұл елдегі олардың саның бірте-бірте көбейту туралы шешім қабылданды»,- деді. НАТО бас хатшысы Ирактағы НАТО күштерінің 8 есеге артуының себебін «бұл елдегі ДАИШ-тің   қайта күшеюінің алдын алу» деп уәжденді.  НАТО-ның бұл шешімі оның Иракқа қатысты саясатындағы 180 градусқа бұрылыс болып табылады. ДАИШ жеңіліске ұшырағаннан кейін, Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Сардар Солейманиге қарсы террордан кейін Иран мен АҚШ арасындағы әскери шиеленістің ушығуы және коронавирустың таралуынан кейін НАТО-ға мүше елдер өздерінің көптеген әскерлерін Ирактан шығарды және ирактық күштердің жаттығу бағдарламаларының көбін тоқтатты.  Бірақ қазір, АҚШ-тың жаңа президентінің қызметіне кірісуімен және оның үкіметінің жаңа саясатымен бірге, НАТО-ның қорғаныс министрлері өздерінің соңғы кездесуінде ДАИШ-пен күрес деген сылтаумен Ирактағы НАТО күштерінің санын сегіз есе көбейту туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде Иракта бұл елдің әскерлерін оқыту бағдарламасы аясында тек 500 шетелдік әскер орналасқан.

Ирактың саяси сарапшысы Аббас әл-Ардауи: «НАТО-ның Ирак жерінде өз күштері санын сегіз есе арттыру шешімін жариялауы – басқыншылықтың бір түрі. Негізінде НАТО күштері АҚШ күштерінің өзі.  Ирактағы НАТО күштерінің көбеюі Вашингтонның бұл елдегі жаңа ойыны екендігі анық»,- деді.