Иран мен АҚХА осы елдің ядролық жұмыстарын тексеру туралы ортақ мәлімдеме жасады
(last modified Mon, 22 Feb 2021 10:53:22 GMT )
Ақп 22, 2021 16:53 Asia/Almaty
  • Иран мен АҚХА осы елдің ядролық жұмыстарын тексеру туралы ортақ мәлімдеме жасады

АҚХА мен ИИР жексенбі күні осы агенттіктің бас директоры Рафаэль Гроссидің Теһранға сапарының соңында ортақ мәлімдемеде жасап, агенттік тексерушілерінің Иранда тиісті жұмыстарын жалғастыратыны туралы келісімге келді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, агенттіктің сайтында жарияланған осы мәлімдемеде «АҚХА мен Иранның Атом қуаты ұйымы 2020 жылы 26 тамызда Теһранда ортақ мәлімдеме жасауға себеп болған өзара сенім рухын растайды» делінген.

Ортақ мәлімдемеде Иран жан-жақты кепілдендіру туралы уағдаластықтарды бұрынғыдай ешбір шектеусіз, толық орындауға келісті.

Сонымен қатар екіжақты техникалық келісімге де қол қойылды. Ол бойынша агенттік қосымшадағы техникалық тізімге сәйкес үш ай бойы тиісті бақылау және тексеру жұмыстарын жалғастыратын болды.