Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімі тағы 5 жылға ұзартылды
Нау 12, 2021 17:20 Asia/Almaty
Иранның Мәскеудегі елшісі Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімінің тағы 5 жылға ұзартылғанын хабарлады.
Казем Джалали жұма күні Теһран-Мәскеу өзара байланыс және ынтымақтастық принциптері туралы 20 жылдық келісімінің бүгін аяқталғанына тоқталып: «Бұл келісім автоматты түрде тағы бір 5 жылға ұзартылды. Аталмыш келісім екі елдің жаңа әлеуеттері негізінде қайта қаралып, бекітілу үстінде»,-деді.
Иранның Мәскеудегі елшісі: «Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы мен қарым-қатынас деңгейі бірнеше онжылдықтан асады. Тараптардың әріптестігі мән-мағына жағынан тереңдей түсті. Екі елдің қарым-қатынасында жаңа әлеуеттер көп. Олар жан-жақты бағдарлама қалыбында қарастырылуы керек»,-деді.
Тегтер