Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімі тағы 5 жылға ұзартылды
https://itolqyn.com/news/world-i51032-Иран_мен_Ресейдың_ынтымақтастық_келісімі_тағы_5_жылға_ұзартылды
Иранның Мәскеудегі елшісі Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімінің тағы 5 жылға ұзартылғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 12, 2021 17:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімі тағы 5 жылға ұзартылды

Иранның Мәскеудегі елшісі Иран мен Ресейдың ынтымақтастық келісімінің тағы 5 жылға ұзартылғанын хабарлады.

Казем Джалали жұма күні Теһран-Мәскеу өзара байланыс және ынтымақтастық принциптері туралы 20 жылдық келісімінің бүгін аяқталғанына тоқталып: «Бұл келісім автоматты түрде тағы бір 5 жылға ұзартылды. Аталмыш келісім екі елдің жаңа әлеуеттері негізінде қайта қаралып, бекітілу үстінде»,-деді.

Иранның Мәскеудегі елшісі: «Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы мен қарым-қатынас деңгейі бірнеше онжылдықтан асады. Тараптардың әріптестігі мән-мағына жағынан тереңдей түсті. Екі елдің қарым-қатынасында жаңа әлеуеттер көп.  Олар жан-жақты бағдарлама қалыбында қарастырылуы керек»,-деді.