Лавров пен Фейсал Мекдад Сирия дағдарысын шешу туралы сөйлесті
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзінің сириялық әріптесі Фейсал Меқдадпен телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеудің Теһранмен және Анкарамен ынтымақтастығының маңыздылығын қуаттап, Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеу мәселесін талқылады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Лавров пен Меқдад Сириядағы және оның айналасындағы жағдайды талқылап, сириялық мәселелерді шетелдіктердің араласуынсыз ұлттық диалог арқылы саяси жолмен шешу туралы сөйлесті»,- деп жариялады. Лавров сонымен қатар Ресейдің Иранмен және Түркиямен Астана форматындағы келіссөздер аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарында белгіленген мақсаттарға, соның ішінде Сирияның егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастыққа табандылығын баса айтты.