АҚШ Қытайға: Иран мұнайына қарсы санкцияларды жалғастырамыз
https://itolqyn.com/news/world-i51182-АҚШ_Қытайға_Иран_мұнайына_қарсы_санкцияларды_жалғастырамыз
Бір америкалық басшы: «Вашингтон Бейжіңге Дональд Трамптың Иран мұнайына қарсы санкцияларын сақтап қалатынын айтты»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 18, 2021 19:46 Asia/Almaty
  • АҚШ Қытайға:  Иран мұнайына қарсы санкцияларды жалғастырамыз

Бір америкалық басшы: «Вашингтон Бейжіңге Дональд Трамптың Иран мұнайына қарсы санкцияларын сақтап қалатынын айтты»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аты аталмаған бұл америкалық басшы: «Иран мұнайына қарсы салынған санкцияларды алып тастауға ешқандай жоспар жоқ»,-деді.  

Осы америкалық басшы: «Вашингтон Иранның санкцияларды жоюға емес, ядролық қадамдарынан кері шегінуге көңіл бөлуін қалайды»,-деді.

Дональд Трамп 2019 жылы Қытай үкіметі мен оның бірнеше танкерлік тасымал компаниясына Иран мұнайы саудасын жеңілдеткені және АҚШ санкцияларын бұзғаны үшін санкция салды.