Байденнің Путинге құрметсіздігінен кейін Ресей Вашингтондағы елшісін қайтарып алды
(last modified Thu, 18 Mar 2021 14:17:24 GMT )
Нау 18, 2021 20:17 Asia/Almaty
  • Байденнің Путинге құрметсіздігінен кейін Ресей Вашингтондағы елшісін қайтарып алды

АҚШ Президенті Джо Байден бір сұхбатында Ресей Президенті Владимир Путинді «қанішер» деп сипаттағаннан кейін Мәскеудің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов АҚШ-пен келешектегі қатынасты талқылау үшін Ресейге шақырылды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джо Байден сейсенбі күні ABC News телеарнасына берген сұхбатында Ресей Президентін айыптай сөйлеп: «Владимир Путин АҚШ сайлауына араласқаны үшін жауап береді»,-деді.

Байден ABC News телеарнасы тілшісінің «Сіз Владимир Путинді танисыз. Оны қанішер деп ойлайсыз ба?» деген сұрағына «Солай ойлаймын» деп жауап берді.  

Вашингтон-Мәскеу текетіресінің жалғасында АҚШ Мемлекеттік департаменті сәрсенбі күні Ресейді қару-жарақ экспорты мен импортына тыйым салынған елдердің тізіміне енгізді.