Қытай - Еуроодақтың ең ірі сауда серіктесі
Нау 19, 2021 17:32 Asia/Almaty
Еуропалық статистика бюросының мәліметінше, Қытай 2021 жылдың қаңтарында Еуроодақтың ең ірі сауда серіктесі ретіндегі жағдайын сақтады.
Еуропалық статистика бюросының (Евростат) есебі көрсеткендей, 2021 жылдың бірінші айында Еуроодақ Қытайға 16,1 миллиард еуро (шамамен 19,2 миллиард доллар) көлеміндегі тауар экспорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға артық. Керісінше Қытайдан импорт 3,8 пайызға түсіп, 33,3 миллиард еуроны құрады. 2020 жылдың шілдесінен бастап Қытай Еуроодақтың ең ірі сауда серіктесі болды, бұл орынға бұрын АҚШ иеленді.
Тегтер